Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматы әкімі Дмитрий Баландинге жақсы жар табуға тілектестік білдірді (Фото, видео)

101

Дмитрий Баландин алдында Риодағы тілшілерге жеткізген ойын өз жанкүйерлеріне көзбе-көз қайталап айтып берді.

– Барлықтарыңызға рақмет!

Шынын айтсам, мен мәреге жеткеннен кейінгі бірнеше минут бойына жеңгенімді білгенім жоқ. Содан соң қатты қуанып, бақытқа кеңелдім.

Мен мұның Қазақстан үшін мереке болғанына қуаныштымын, өз қуанышымды бүгін өздеріңізбен бөлісіп жатқаныма да дән ризамын, – деді Баландин.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің қолын қысып құттықтап, оған әрқашан осы қалпын бұзбауға тілектестік білдірді.

– Біз үшін судан жүзуден Дмитридің жеңіс сыйлауы – үлкен мақтаныш. Біздің прзеидентіміз ел чемпиондары мен спортшыларын үнемі қолдап келеді. Осындай ұл сыйлаған сенің ата-анаңа рақмет! 21 жасында сен өз қатарластарына керемет үлгі көрсеттің. Саған бақыт тілеймін, әрдайым осы қалпыңды бұзба. Барлық жақсылық әлі алда.

Дмитрий өзін өмір бойына қолдап-қолпаштайтын жақсы жар тапсын деп тілеймін,

– деді Бауыржан Байбек.

Дмитрий Баландиннің ата-анасы мен бапкерлері де жанкүйер жерлестеріне өз ризашылықтарын білдіріп, Дмитридің жеңісіне бір сәтке де күмәнданбағандарын айтты.

– Барлықтарыңызға үлкен рақмет! Елімізге рақмет! Бразилияның есі шығып жатыр. Бразилия баспасөзі:

„Қалайша?.. 15 миллион халқы бар, айдаладағы Қазақстан тек бір қаласында 22 миллион азаматы бар Бразилияны қалай жеңіп кетті„ деп таң қалып, жазып жатыр.

Біз күштіміз, оны сезінудің өзі керемет бақыт, – деді Баландиннің жеке бапкері.

DSC_2510

Дмитрий Баландинді әуежайдан күтіп алу үшін әкімдік өкілдерімен қатар, өзімен бірге оқитын студент-курстары, 100-ден аса жанкүйері келді.

Дмитрий Баландин әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті. Қазақстанның суда жүзуші спортшысы, 200 метр қашықтықта судан жүзуден 2016 жылдың Олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, 2015 жылғы Универсиаданың жеңімпазы.

 

https://www.youtube.com/watch?v=YZEBuVmlgUc

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз