Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы әкімдігі „қоғамдық акцияға„ рұқсат бермеді

«Соңғы уақытта жер мәселесіне байланысты түрлі алып-қашпа әңгімелер белең алып отыр. Кейбір жеке тұлғалар Қазақстанда жердің шетелдіктерге сатылатындығы жайында жалған ақпарат таратып, азаматтарды арандатып, алдағы 21-мамырда рұқсат етілмеген наразылық акцияларына шақырып жүр», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы қаласының прокуроры Берік Асылов қала тұрғындары мен әлеуметтік желілерді қолданушыларды заңнама талаптарын бұзуға жол бермеуге шақырды.

«Рұқсат етілмеген наразылық акцияларын өткізуге шақырған және оған қатысқан, сонымен қатар, әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздыратын белгілері бар жарияланымдарды орналастырған немесе оны таратқан тұлғалардың ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабы мен ҚР Қылмыстық Кодексінің 174, 274 және 400-баптары бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертемін», – деді Б. Асылов.

Елбасы ҚР Жер кодексіне енгізілген төрт түзетудің күшіне енуіне мораторий жариялағаны белгілі. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексінің нормаларын талқылау мен түсіндіру және ұсынымдар әзірлеу үшін жер реформасы жөніндегі Комиссия құрылды. Ол қазір жұмыс істеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз