Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматы — Қазақстанның қылмыс көп жасалатын қаласы

732
Сурет: Максим Золотухин

Ресми мәліметтерге сәйкес, жалпы қылмыстық жағдай оңалып келеді. 2020 жылдың шілде-қыркүйек айларында елімізде 126 499 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,4%-ға төмендеген. 2017 жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны екі есеге азайды.

Алайда, бұл тенденция орташа ауырлықтағы қылмыстарды азаюының есебінен қалыптасты. Егер 2019 жылғы III тоқсанда олардың жалпы  үлесі 72,7% құраса, бір жылдан кейін – 50,9%-ға дейін төмендеді. Бірақ

ауыр және аса ауыр қылмыстардың үлесі 10,1%-дан 31,5%-ға дейін өсті, ал олардың жалпы саны бір жылда 65,2%-ға артты%

«2020 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыстардың ішінде меншікке қарсы қылмыстар көбірек – 73,6% (2019 жылдың III тоқсанында – 79,2%). Олардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау – 52,8 мың жағдай (109 мың) құрады», — деп атап өтті құқықтық статистика комитетінде.

Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар саны 7 052 жағдайды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,7%-ға аз. Зорлау саны 39,6%-ға, қорқыту 26,4%-ға, адам ұрлау 24%-ға азайды. Алайда кісі өлтіру мен қастандық қылмыстарының саны артқан, олардың саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4% – ға өсті.

Алматы – ең көп қылмыс жасалатын қала

Жалпы республика бойынша III тоқсанда 10 мың тұрғынға шаққанда  90 қылмыс тіркелген. Ең жоғары қылмыс деңгейі Алматыда. Мұнда 10 мың адамға 148 қылмыс тіркелген, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 64,4%-ға артық. Нұр-Сұлтанда (10 мыңға 114) мен Шымкенттің (109)  көрсеткіштері жоғары.

Өмірді музыкасыз елестету қиын: шоу-бизнес өкілдері қанша шығынға ұшырады?

Бірақ  қылмыс көлемі төмен аймақтың анықтауда қиындықтар туындады. Комитеттің есебінде ең төменгі деңгей Түркістан облысында екені анық көрсетілген. Алайда, бекітілген кестеден 10 мың адамға 107 қылмыс келеді, ал бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Екінші жағынан, Шығыс Қазақстан облысының көрсеткіштері – 33 қылмыс, бірақ Комитеттің есебінде бұл өңір ең криминогендік аймақтардың біріне жатады. Сондықтан  мәтінде немесе графикте қате дерек жіберілгені анық.

Павлодар облысында адам өлтіру қылмысы артқан

Республикада адам өлтіру деңгейі 100 мың адамға шаққанда 4,8-ді құрады. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде 100 мың тұрғынға шаққандағы неғұрлым жоғары деңгей Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарында, ең төменгісі – Шымкентте байқалды. Бірақ

  • Павлодар және Жамбыл облыстарында кісі өлтіру 90%-ға, Шымкентте 57%-ға артқан
  • Жалпы, 100 мың адамға шаққанда кісі өлтіру санының өсуі республиканың 17 өңірінің 9-ында байқалады
  • Павлодар облысында 100 мың адамға 10,1 кісі өлтіру келеді – бұл Нұр-Сұлтан көрсеткішінен үш есе жоғары және Алматыға қарағанда 2,5 есе көп.

Қылмысты ашуға қатысты жағдай қандай?

Үшінші тоқсанда құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 57,2 мың адамды анықтады (2019 жылдың III тоқсанына қарағанда 23,1%-ға аз). Қылмыстық жауапкершілікке 28,2 мың адам тартылды (+4,1%). Қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың басым бөлігі жұмыссыздар – 82,2% (2019 жылы – 83,1%).

«Орта есеппен Қазақстан бойынша қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде болған. Әрбір тоғызыншы топ құрамында жасалған», — деп атап өтті Комитетте.

Қылмыс жасаған адамдардың жалпы санынан 1 367 адам (немесе 2,4%) кәмелетке толмағандар. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға аз. Сонымен бірге 256 адам 15 жастан аспады (2019 жылдың III тоқсанында 460 адам болған), қалғандары 16-17 жаста.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз