Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматы қаласындағы карантин: бизнес шығынға белшесінен батты

223

Күткеннен басқа амал жоқ

Пайдалы азық-түліктер мен дәрумендерді сататын компанияның директоры Т. Гаухар 

бірінші кезекте жалға берушілермен қандай да бір келісімге келуге тырысатынын айтты

—  Бір айға жалға алу ақысынан босатуды немесе жарты ақшасын төлеуге рұқсат беруді сұраймын. Олар адамгершілік танытады деп сенемін. Біздің қызметіміз бизнесті онлайн-форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Белгілі бір уақыт бойы мен клиенттеріммен  байланысып, олардың тамақтану мектебіндегі сабақтарын онлайн режимде жүргізіп, қосымша бағдарламаға қоса аламын.

Дегенмен, Гаухар қазір адамдарды  басқа мәселелер алаңдататынын түсініп отыр. Қаланы карантинге жауып, адамдарды қашықтан жұмыс істеуге көшірді. Барлығы қалай күн көреміз, бұндай қиын кезеңнен қалай өтеміз деп ойлануда. Көптеген компаниялар өз қызметкерлерін ақысыз еңбек демалысына жіберді. — Мен бизнесмен ретінде адамдардың жаппай үнемдей бастап, оқу, семинар секілді қосымша шығындарды қысқартатынын біліп отырмын…

Алайда ол бәрі жақсы болады деп үміттенеді. Күткеннен басқа амал жоқ дейді:

— Карантин бүгін ғана  енгізілді. Наурыз мерекесі өткеннен кейін 25-26 наурызда адамдар жағдайға бейімделетін шығар. Өздерінің қорқыныштарын жеңіп, ары қарай не істеу керегін түсінеді.  Мен күтемін. Бес-алты күннен кейін жағдай тұрақталады деп ойлаймын.

Қарақұмық, ұн және доллар бағамы

— Теңгенің құнсыздануы адамдарға психологиялық соққы болды. Біз бұрын бұндай жағдайға тап болған емеспіз. Адамдар ары қарай не боларын білмейді, сондықтан

клиенттерім  менің қызметімді сатып алған дұрыс па, әлде қарақұмық пен ұнды артығымен алып қойған дұрыс па деп ойлануда

Барлығы доллар қымбаттағандықтан азық-түлік те қымбаттайды деп күтіп отыр.

Қала маңындағы аудандардан келетін адамдар жұмыссыз қалды

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы бөлшек сауда дүкендері жабылды.

Киім-кешек және аяқкиім сататын дүкен желілерінің бірінің басшысы Т. Ерланның айтуынша СОСО-дағы дүкендердің қызметкерлері ақысыз еңбек демалысына шықты.

— Компания жағдайға түсіністікпен қарады,

барлық қызметкерге біраз уақытқа жететіндей алғытөлем бердік

— Біздің стрит-дүкендеріміздің (көше бойында орналасқан) бірі Сейфуллин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында  орналасқан. Кеше, 18 наурызда БАҚ барлық сауда орталықтары жабылады деп хабарлаған еді, бірақ шағын сауда үйлері туралы ешнәрсе айтылмады.

Кешке қарай азық-түлік дүкендерімен бірге көлемі 2 мың шаршы метрге дейінгі дүкендер де жұмыс істей алатыны туралы айтылды. Біз шектеулі уақыт режимімен істеуге келістік. Қызметкерлерді маска және қолғаптармен қамтамсыз етуге де дайын едік. Алайда, қызметкерлеріміздің басым бөлігі, соның ішінде сатушылар Алматының сыртында, қала маңындағы аудандарда тұрады.

Бүгін таңертең оларды блок бекеттерден өткізбей қойды. Блок бекеттерде үлкен кептеліс болған. Мен басшы ретінде қашықтан жұмыс істей аламын. Бірақ оның тиімділігі аз болатыны түсінікті, себебі біз клиенттермен тікелей жұмыс істейміз. Сатушылар не істейтінін білмейді. Қалаға кіре алмағандықтан, біз оларға жұмыс бере алмаймыз.

Алматыдағы ұсақ азық-түлік дүкендері өз жұмыстарын жалғастыруда. Сатушылар маска киіп, қолғаптармен жұмыс істеуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз