Бұған дейін желіде Алматы қалалық Полиция департаментінің жалпы құны 125 млн теңгеге 500 қорғаныс костьюмін сатып алуды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болған еді.
«Ең төменгі бағаны ұсынған дайындаушымен 4 мамыр күні келісімшарт жасалды. Шартта ұсынылған тауардың сапасы талаптар мен белгіленген бағаға сәйкес келмесе полиция департаменті бір тараптан бұл келісімшартты бұза алады деген тармақ бар, —
деген департаменттің пікіріне inform.kz. сілтейді —
Жеке қорғаныс құралының (ЖҚҚ) сапасын мұқият тексеріп, сапасы қойылған талаптарға сәйкес келмейтініне көз жеткізіп, полиция департаменті ЖҚҚ сатып алудан бас тартатыны және келісімшартты бұзатыны туралы жеткізушіні жазбаша хабардар етті. Мереке күндерінен кейінгі бірінші жұмыс күні, 11 мамырда бұрын жасалған келісімшарттың күші жойылды».