Алматы автобустарына валидатор қайтарылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Колеса” басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, таяуда алматылық автобус жүргізушілері жолаушылардан қолма-қол ақша алмайды. Енді қайтадан валидатор орнатылады. Onay Pay компаниясының директоры Владимир Смирновтің айтуынша, қазіргі уақытта заманауи терминалдар жобалау үстінде.