Алматының халықаралық әуежайында екі тәулік бойы рейстер кешіктіріліп жатыр.
«Алматыдағы халықаралық әуежай орналасқан ауданды тұман басып, көру мүмкіндігінің 75/50 дейін түсуінен рейстер кестесінде өзгерістер болды», -деді баспасөз қызметі.
Дәл қазіргі уақытта мына рейстер кешігуде:
357 Алматы-Астана а/к QazaqAir,
851 Алматы-Астана а/к AirAstana,
725 Алматы-Өскемен а/к Scat.
Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайы III ИКАО санатына жатады, сондықтан мұндай қалың тұманда да әуе бортын қабылдай беретіндігі айтылған. Алайда мұндай санат әуе кемесіндегі экипажда да болуы керек.
Барлық жолдаушыларға әуежай анықтамасынан немесе әуекомпанияларынан рейстің уақытын алдын ала анықтап алу ұсынылуда. Алматы әуежайының анықтама бөлімі – 8 (727) 270-33-33.