Алматы ауаның ластануы бойынша мегаполистердің әлемдік рейтингінде тағы да көш бастады. Швейцариялық IQAir компаниясының сайтында бір уақытта бүкіл әлем бойынша ауа сапасын бақылайтын рейтинг берілген.
Алматы тізімде бірінші орынға шықты. Ауаның ластану индексі 208 балға жетеді, бұл «өте зиян» деп бағаланады. Одан кейін Лахор (Пәкістан), Каир (Египет), Сараево (Босния және Герцеговина) және Дели (Үндістан) сияқты қалалар тізімде тұр.