Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Кирсан Илюмжинов АҚШ президенті Барак Обамаға жазған хатында өзіне АҚШ азаматтығын сұрады. Бұл туралы ол бүгін ФИДЕ мүшелері алдында Бакудегі ұйым конгрессінде жария етті, – деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Бұған дейін Илюмжинов АҚШ президентіне хат жолдап, оның тіркелгені жайлы хабар алған.
«Мен АҚШ президентінен өзіме америкалық азаматтық беруін сұрадым, менің ісімді АҚШ қаржы министрлігінің тізіміне қосып, жергілікті сотта қарағанын қалаймын, — деп мәлімдеді ФИДЕ басшысы. — Менің ісімнің Америка топырағында, Америка заңымен талқылануын қалаймын».
Еске сала кетсек, АҚШ-тың Әділет министрлігі 2015 жылдың соңында Кирсан Илюмжиновті санкция салынған тұлғалардың тізіміне енгізген болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат