Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алкоголді карантин: қазақстандықтар бір айдың ішінде 4,5 млн литр ішімдік ішкен

298

Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың сәуірінде ішкі нарықта 2 млн 814,9 мың литр арақ сатылды. Салыстырар болсақ, 2019 жылдың сәуір айында   шамамен 800 мың литр сатылған. Яғни, арақты тұтыну көлемі бір жыл ішінде 37%-ға өсті.

Наурыз айындағы жағдай да сондай — арақ сатылымы 16,7%-ға өсті.

Екі мәселеге назар аударуға болады:

  • Бұл  жағдайда қазақстандық өндірушілер көбірек пайда көрді.  2020 жылдың сәуір айында арақтың импорты бір жыл бұрынғы көлемге қарағанда екі есе аз болды (325,1 мың литр, 588,3 мың.)
  • Тұтыну көлемі айтарлықтай өскеніне қарамастан, сәуір айындағы тұтыну соңғы жылдардағы ең төменгі деңгейлердің бірінде болды. Бұл айда қазақстандықтар әлдеқайда көбірек ішімдік ішетін. Мәселен, 2013 жылы ай қорытындысы бойынша ішкі нарықта сатылым екі есе көп болды.

Коньяк рекордты көлемде сатылуда

Коньякқа келер болсақ, оның сатылымы осы айда рекордтық деңгейде болды. Сәуір айында қазақстандықтар 1,7 млн литр ішімдік ішкен. Ішкі нарықтағы сатылым көлемі 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 58,4%-ға өсті.

Сұранысты қанағаттандыруға отандық зауыттардың қуаты  жетпегендіктен шетелдік жеткізілімдерді қосуға тура келді

Импорт 3,7 есеге өсті: биыл 637,2 мың литр болса, бір жыл бұрын 173,2 мың.

Айта кету керек,

коньякты таңдайтындар көбеюде

4 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта шамамен 7,2 млн литр сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 89,2%-ға артық.

Сыраның сатылымы төрттен бір есеге қысқарды

Әлсіз алкогольді сусындар сұранысы алдыңғы жылдарға қарағанда төмен. Сәуір айында сыраны сату бес жылдық минимумға дейін төмендеді: 52 млн литрден сәл артық. Өткен жылмен салыстырғанда сатылым 20%-ға, 2020 жылдың наурызымен салыстырғанда 13,9%-ға төмендеді. Бірақ бұл жерде шетелдік өндірушілердің сатылымдарының өсіміне орын табылды: импорт 2019 жылдың сәуірімен салыстырғанда 17,2%-ға өсіп, 5,3 млн литрден асты. Дегенмен, отандық өндірушілер нарықтың 90%-ын иеленеді.

Карантин шампан мен сусындарға соққы жасады

Алкоголь сусындарының ішінде шампанға деген сұраныс төмендеді. Бір айда осы сусынның 2,9 мың литрі сатылды. Салыстырар болсақ,  наурыз айында сату көлемі 131,7 мың тоннаны, ал 2019 жылдың сәуір айында – 27,6 мың тоннаны құрады. Яғни бір жыл ішінде өткізу шамамен 10 есеге қысқарды. Ал өткен аймен салыстырғанда шамамен 50 есеге төмен.

Жалпы  шараптың да тұтыну көлемі төмендеді. Сәуір айында ішкі нарықта 2 млн 489,3 мың литр сатылды. Бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 318,9 мың литрге немесе жылдық көрсеткіштерден 11,4%-ға аз. Наурыз айымен салыстырғанда соншалықты төмен  емес – 3,1%.

Сондай-ақ, айта кету керек:

  • Сәуір айында темекі сатылымы күрт төмендеді – олар 2019 жылғы деңгейдің тек 45,6%-ын құрады. Бір айда 1,8 млрд дана сатылды.
  • Алкогольсіз сусындардың да сатылымы күрт төмендеді – 159,4 млн литр, ал бір жыл бұрын 243,3 млн литр сатылған еді. Тұтынудың төмендеуіне серуендеуге және демалыс орындарға баруға сылынған тыйым әсер етті. Наурыз айында ауа райы салқын болса да 222,8 млн литр сатылды.
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз