Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-11
USD
525
+1.07
EUR
553
+2.48
RUB
5.14
+0.13

Әлия Әнуарбек күйеуінің қайтыс болуы туралы: “Сезгендей болдым…»

938

Бұған дейін актриса отбасылық өмірін құпия сақтап келсе, қазір Instagram жұбаныш орнына айналды. Әлия өз парақшасы арқылы оқырмандармен ішкі сезімдерімен бөліседі және өмірден өткен күйеуіне деген сезімдері мен өкініштері туралы ашық жазып отырады.

“Ол кеткен күні көптеген адам көңіл айтуға келіп жатты, мен шай бердім, көзімнен жас шықпады. Мен олардың барлығын — ата-анасын, туыстарын, достарын қолдауым керек деп ойладым, өйткені олардың ешқайсысы онымен қоштаса алмады, тек мен оны жақсы көретінімді, бәрі жақсы болатынын айта алдым, Ля Илях илля Ллахты айтып жатуын сұрап, оны жібердім.
Мен адамдарға бәрі жақсы деп басу айттым.

Мен өзімді ұстадым. Ол кезде мен шок жағдайда болғанымды енді ғана түсініп жатырмын.

Бірақ мәңгілік сабырлы болу мүмкін емес, мешітте, ол туралы өткен шақта айтып жатқанда мен күйзеліп кеттім. Басында тұншыға бастадым, ауа жетіспей кетті, үрей кеудемді қысты, жездем мені холлға алып шықты.

Содан кейін достарым мені далаға алып шықты, осы кезде мені бүкіл Астана естіді. Мен қатты айқайлап жыладым, жаным ауырды, бұл ауырсыну физикалық тұрғыдан да қатты жаныма батты. Бәрі осылай аяқталғанына өкініштен қатты жыладым.

Әбден жыладым. Бұдан кейін истерика жасаған емеспін, себебі кешке сүйікті, мейірімді ана болуым керек. Өзімді қолға алудың басты себебі осы болды. Балалар жолымды жалғастырудың басты мәні болды. Сол күні ішімдегі отты аспанға, ауаға шығарып тастағаныма ризамын, әйтпегенде өзім өртеніп кетер едім”, — деп жазды актриса.

Актриса 2019 жылдың күзінде түсірілген фотосессияның кадрларын жариялады. Әлияның айтуынша, сол күні ол өзін жайсыз сезінген. Бойын үрей билеп, өзінен-өзі жылай бергісі келген…

“Неге екені сол фотосессияда мен қара көйлек киіп түстім. Ол көйлекті келесі күзде тастамай киетінімді кім білген? Көңіл-күйім жақсы болса да, сол күні қайта-қайта жылай бергім келді. Бұл күз онымен өткен соңғы күз болатынын, келесі жылы бізде тіпті күз болмайтынын сездім бе екен?

Әрі қарай өмір сүруге себеп табу керек! Бұл ең бастысы! Таңертең тұруға не мәжбүрлейді? Сізді не жымитады? Мен өзіме уақыт беремін, оған құқығым бар! Бүгін мен осындай сезімдемін, бірақ ертең тағы да күн шығады! Мен тағы да жаңа күн атқанына ризамын, өйткені бұл күнді кішкентайларыммен бірге өткіземіз және таңертең құшақтасып оянамын”, — деп бөлісті Әлия.

Азамат пен Әлия алты жыл некеде болған. Бірге өмір сүрген жылдары өмірге екі қыз дүниеге келген — біреуі 2016 жылы, екіншісі 2019 жылы.

Актрисаның күйеуі 2020 жылдың 17 қыркүйегінде қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз