Жамбы ату сайысынан басталған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынында франциялық спортшы Raphael Malet қарсыластарынан басым түсіп, алғашқы алтын жүлдегер атанды. Бұл спорт түрінде қатысушылар ат үстінде отырып садақ атады.
Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының мәліметінше, алғашқы алтынды Франция спортшысы Raphael Malet ұтты. Екінші жүлделі орынды Моңғолиядан келген Altankhuyag Nergui иеленсе, қола медаль де француздық Gaëtan Blot-қа бұйырыпты.
«Қазақстан құрамасын ат садақ атудан үздіктердің бірі деп есептеймін. Олар өткен жылы Моңғолияда өткен әлем чемпионатында екінші орын алған. Олар көп еңбектенді, өздерінің шеберлігін дәлелдеді. Қазақстандық спортшылар финалистер қатарында болады деп ойлаймын. Іс-шараның атмосферасы мен бізді қабылдауы бізді қатты таңғалдырды. Халық өте қонақжай және мұнда келгенімізге өте қуаныштымыз», – деді ат үстінде садақ ату бойынша француз халықаралық альянсының президенті Ален ле Галь.