Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Алғаш рет Гарлемда қолданды”. Сүлейменов ҰБТ-ның сорақы тұстарын айтты

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-kimge-ornyn-beredi-olzhas-sylejmenov-myragerdin-atyn-ajtyp-khojdy-248640

Айталық, Sputnik Казахстан -ға берген сұхбатында Сүлейменов Біріңғай ұлттық тестілеу жүйесін сын тезіне алыпты. Ақынның айтуынша, мұндай тестілеудің астарында мектептегі сапасыз білімді бүркемелеу амалы жатыр.

Баланың ойын кітап қана өсіреді. Оны да адамға айналдыратын да кітап.

Жұмбақ шешіп, “смс” жазып, жауап іздеп отырғаннан өспейді ол. Білмесеңіз, мынаны айтайын. Бұл әдіс алғаш Гарлемда (Нью-Йорктің ауданы) пайдаланылды. Нәтижесі не болды? Он жыл партада отырған оқушылар миында түк жоқ, шаласауатты болып шығатын. Сонда да тоқтатқан жоқ. Түлектер түк білмес болып шықты”

– дейді Сүлейменов.

Бұл орайда Олжекең тағы да өткенге айналып соғыпты. Оның айтуынша, Кеңес кезіндегі білім жүйесі мықты асқаны жоқ. Ал қазір қалай?

“Сұрақ-жауаппен ғана шектелетін қазіргі ұрпақтың білім сапасы көр де тұрыңдар ертең Қазақстанның болашағына кері әсер тигізетін болады. Сәбет одағының білім жүйесі өздігінен ойлай алатын, өзіндік пікірі бар буынды тәрбиеледі. Қазіргі ұрпақ керісінше. Кітаптың не екенін ұмытқан. Бұл кезеңнен өтеміз бе, жоқ па?..” деп ой түйеді Олжекең.

Оның пікірінше бүгінгі буынды барлық жағынан дамыған буынға жатқызуға болмайды. Бұл өз кезегінде мәдениеттен бастап, экономикаға дейінгі салаларға тұтас әсер етуі мүмкін.

Қалай ойлайсыздар, Олжас Омарұлы дұрыс айта ма?

https://kaz.365info.kz/ksro-lady-biz-lsirep-aldy-s-lejmenov-solaj-ojlajdy-238725

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз