Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әлеуметтік роликтің үздік сценариіне байқау жарияланды

Министрдің айтуынша,

бас жүлдені жеңіп алған қатысушыға 1 миллион теңге беріледі.

«Қымбатты достар! Ақпарат және коммуникациялар министрлігі серіктестермен бірлесіп, әлеуметтік роликтің үздік сценарийі үшін «Ниет» байқауын жариялайды.

Бас жүлдеге 1 миллион теңге және роликті белгілі режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен түсіру мүмкіндігі беріледі.

Менімен бірге байқаудың қазылар алқасына «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин, «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алмагүл Ахметжанова, Қазмедиа медиамектебінің директоры Махаббат Есен және Standard Life акционері Дәурен Күмпейісов қосылып отыр.

Байқауға кез келген адам қатыса алады. Толық ақпарат арнайы сайтта: http://bestidea.kz/», – деп жазды министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз