Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Әлемдегі ең бай әйел қайтыс болды

«Бүгін түнде Лилиан Беттанкур өз үйінде қайтыс болды. Тірі болғанда 21 қазанда 95 жасқа толар еді», – делінген Беттанкур-Мейердің мәлімдемесінде.
Айта кетсек, Лилиан Беттанкур 1922 жылы Парижде дүниеге келген. 1909 жылы әкесі негізін қалаған L’Oreal компаниясы қожайындарының бірі болды. Forbes журналы оны ұзақ жылдар бойы әлемдегі ең бай адамдардың тізіміне енгізіп келді. Соңғы деректерге сүйенсек, Беттанкурдың дәулеті 40 млрд долларға жуықтайды.

Лилиан Беттанкур қайырымдылықпен де жиі айналысқан. Fondation Bettencourt Schueller қорын құрып, медициналық, мәдени және гуманитарлық жобаларға қолдау көрсеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз