Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әлемде 20 жылдан кейін мұсылмандардың саны артады

Сараптама мәліметінше, 2035 жылға қарай 225 миллион мұсылман қыз-келіншектері балалы болып, ана атанады екен, ал христиан дініндегі әйелдер 224 миллион нәрестені дүниеге әкеледі. 20 жылдан соң екі дін өкілдері арасындағы бала туу алшақтығы бес миллионға жетуі мүмкін. 2010-2015 жылдар арасында бүкіл әлемде дүниеге келген 31 процент сәби мұсылман отбасында дүниеге келген.

Сарапшылардың айтуынша, соңғы жылдары христиандар арасындағы туу көрсеткіші азайған жоқ, бірақ ислам дінін ұстанушылардың көрсеткішіндей жылдам өспеген. Pew Research Centre болжауынша, 2050 жылға дейін Үндістан мұсылмандардың ең көп жиналған жеріне айналады. Бұл елде бірнеше жылдан кейін 300 миллион мұсылман өмір сүретін болады.

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз