Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алексей Ни: Менің отставкам – кінәмды мойындау емес…

Танымал маман Қазақстан құрамасын 1994 жылан бері басқарған. Оның жетекшілігімен ұлттық команда алты Олимпиада ойындарына қатысты. Оның қызметтен кетуі туралы жұма, 25 қараша күні белгілі болды.

Ни құраманың бас бапкері қызметінен кету туралы шешімді өз еркімен қабылдағанын атап өтті.

“Алғаш рет мен бұл туралы жігіттерімнің допинг сынамалары ре-талдамалар процессі басталғанда, яғни Риода өткен Олимпиада ойындарының қарсаңында ойландым. Ол кезде цейтнот болатын, яғни команданы дайындап алға алып жүру қажет болатын. Өз міндеттерімді орындау керек болды. Алайда, сол кездің өзінде мен өзім үшін шешім қабылдап қойдым: спортшыларды қорғай алмай, олар наградаларынан айырылған жағдайда – мен бұл қызметте бұдан әрі істей алмаймын, жігіттермен бірге кетемін дедім”, — дейді Ни.

Оның сөзіне қарағанда, ең жақын уақытта жаңа бас бапкер тағайындалады. Ол командамен жаңа олимпиадалық циклда жұмыс істейтін болады.

“Мен сол екі Олимпиадада бас бапкер болдым, сондықтан менің спортшыларыма болған жағдайларға жауаптымын. Мен еліміздің спорт басшылығына – министрлікке, Ұлттық олимпиада комитетіне, менің қызметтен кету туралы өтінішімді қабылдаған Федерацияға өте ризамын. Барша қазақстандықтарға осы жылдар бойы маған және менің командама көрсеткен көмектері мен қолдаулары үшін ерекше рақмет айтқым келеді.

Менің отставкам – кінәмді мойындау емес, медальдер мен Риодағы Олимпиада ойындарында өнер көрсету мүмкіндігінен айырған өзімнің спорт отбасыма тілектестігім

“, — деп атап өтті Ни.

Айта кетелік, Халықаралық Олимпиада комитеті қазақстандық алты ауыр атлеттің медальдерін қайтарып алды. Соңғы деректер бойынша, Илья Ильиннің 2008 және 2012 жылдары өткен Олимпиадалардағы нәтижесі жойылды. Одан бөлек, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Ирина Некрасова және Мария Грабовецкая медальдерінен айырылып қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз