Александр Лукашенко билікке қарсы “соғысу” Беларусь Республикасында сайлау кезінде ғана мүмкін екенін айтты. Сөйтіп ол халқын көшеде наразылық пен тәртіпсіздіктерді орнатпауға шақырды.
Александр Лукашенко қандай да бір топ көшеге шығып, тәртіпсіздік жасаса, онда билік шалт қимылдайтынын ескертті деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.
– Армения мен Қазақстандағыдай жайт – бізге керегі жоқ. Бұл – жұқпалы дерт. Егер ондай ахуал қоғамға дендеп еніп алса, ол індет секілді бірден өсе бастайды. Ал ондай кезде көп күш пен қаражат керек болады, Құдай бетін ары қылсын, жан бермейік, – деді Александр Лукашенко.
– Қауіпсіздік жағына келетін болсақ, ол жағына алаңдамай-ақ қойыңыздар. Бірақ қатал саясатым үшін айыптай көрмеңіздер. Бірақ мен доқ көрсетіп отырғаным жоқ.
Біз ешкімнің аузын жауып отырғанымыз жоқ. Егер біреуді сынап-мінегілеріңіз келсе, істе бетке айтыңыздар. Ол үшін арнайы жиындар бар. Шық та айт. Міне, сол кезде аузыңызды біреу жауып көрсін. Адам өз ойын емін-еркін айтуы керек” – деді Беларусь мемлекетінің басшысы.
Лукашенконың айтуынша, қоғамдық-саяси өмірдің тұстарын талқылап, сынаудан қорқудың еш қажеті жоқ.
– Ешқашан ештеңеден қорықпаңыздар. Мен туралы, тағы басқа біреулер туралы айта беріңіздер. Бірақ “соғысқыларыңыз” келсе, (Түркиядағы президент пен билікке қарсы) оның тек сайлауда мүмкін екенін ұмытпаңыздар. Парламент сайлауы болады, кім керек, соған дауыс беріңіздер. Президенттік сайлау келе ме, қалай қалайсыз, солай таңдау жасаңыз, – деді беларусь халқының көшбасшысы.