Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Чукотка барындағы төбелес: Александр Кузнецов қайтадан колонияға жеткізіледі

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан “Чукотка” бары маңында болған еді. Төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған. Бірінші сатыдағы сот Александр Кузнецовты ҚР ҚК-нің 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен.

Кузнецовтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым келтірмейтінін жеткізді. Кейін Алматы қалалық сотында бұл іс бойынша аппеляция берілді. Сот сараптама ісі мен Мұратқаливетің денесін қайта эксгумациялау үкімін шығарды.

28 қаңтарда 2016 жылдың қаңтарында Александр Кузнецов ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша (“Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру”) айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеу жазасы тағайындалған болатын.

Ал 2018 жылдың 2 шілдесінде Кузнецов бостандыққа шықты – оның өтелмеген бес жыл уақыт мерзімі айыппұлға ауыстырылған еді. Айыппұл сомасы – 1 097 281 теңге.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз