“Әйел бақыты” деген бағдарлама бар. Ләйлә Сұлтанқызы жүргізеді. Бұл жолы осы бағдарлама қонағы ретінде Аруна есімді қызтекені шақырыпты. Бағдарламаға қонақ ретінде шақырылған журналист Ұларбек Нұрғалымұлы “көрген жайдан жағамды емес, кеңірдегімді ұстадым” дейді.
Көгілдір жігіт Аруна
“Телеарнадан хабарласып, Ләйлә Сұлтанқызының “Әйел бақыты” бағдарламасына шақырды. “Тақырып қыз мінезді жігіттер” жайында деген соң, “жарайды”, – дегем.
Өзімше, балабақшадан университетке дейін әйел адамдардың қолына тапсырып берген балаларымыз жайлы, бұрын ата-әжелеріміз ұлдарды ұлша, қыздарды қызша қалай тәрбиелегені туралы айтамын ғой деп жайбарақат барсам, алдымнан анау шықты ғой!
Және қалай өршеленгенін көрген шығарсыздар. Қандай күй кешкенімді сұрамай-ақ қойыңыз…
Бабаларымыз осынша ұлы байтақты гейлер таптасын деп қалдырмаған шығар?!