10 жыл болды, қаржылық дағдарыстамыз. Жалақы өспейді, ал қымбатшылық тоқсаныңыз не, ай сайын бүйірден қысады. Қазақстандықтар кәдімгідей титықтап қалды. Бірақ біздің билік соған енді ғана көз жеткізген секілді.
Елбасының жариялаған бес бастамасына қатысты пікір білдірген саясаттанушы Досым Сәтпаев оның саяси астарын осылай түсіндірді деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
– Мұны саяси қадам деп атайды. Елдің жағдайына кеш те болса, алаңдап жатыр. Дұрыс. Бірақ ештен кеш жақсы.
Кеш болсын, біздің билік халықтың тұрмысы нашарлап, табысы азайғанын нақты білді, арты не боларын да сезіп отыр. Арты жаман болмас үшін де қазақстандықтар өзіне жағдай жасалып жатқанын білсін деді.
Жалақы аздардың салығын азайтатын болды, үйі жоқтарға арзанға ұзақ уақытқа ипотека берем деп жатыр. Жастардың жатақхана мәселесін шешіп жатырмыз дейді. Естіген құлаққа қандай жақсы?..
Саясаттанушы табысы аздар салығы азайғанда да көп үнем жасай алмайтынын айтты.
https://kaz.365info.kz/1-akh-protsent-tolesin-nazarbaev-zhalakhysy-azdardy-zharylkhajtynyn-ajtty-305438
– Әрине, бұл арада айына 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен табыс табатындарға салынатын салық 1 процент етемін деу елді елең еткізді.
Демек, жалақысы 60 мыңнан кемдер ғой бұлар. Ал былай есептеп қарасаңыз, олар 5 500 теңгесін ғана үнемдейді екен. Ал 5 500 теңге деген ақша ма өзі? Оны инфляцияның өзі-ақ „жеп„ қояды. Девальвация болмады дегенде. Ал девальвация болса ше?..
Мен өзімше есептеп көрдім, мұндай жағдайда артығымен есептегенде, бюджет 11 млрд теңге салықтан қағылады екен. Енді мұның орнын толтыруымыз керек қой. Тағы айналып келіп кедейлердің қалтасын қақпас үшін, бұл арада байларға салынатын салықты өсірген дұрыс секілді. 2000 жылдан бастап, әлем елдері бай-манаптарға салынатын салықты өсіріп тастаған. Франция, әсіресе. Естеріңізде болса, сол кезде атақты актер Жерар Депардье азаматтығын алмастырып, Ресейге кетем деп аттандаған. Бұл бір ойым.
Тағы бір жағынан, мемлекеттік аппараттың шығынын қысқартсақ та кедейлер төлемеген салықтың орнын толтыруға болады негізі. Премия, бонус, мақсатсыз шығындар дегенннің бәрін қысқартсақ, керемет үнем жасауға болады. Ол үшін тәуелсіз аудит жүргізіп жіберсе, жеткілікті.
https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102
Одан соң, квазимемлекеттік компаниялар мен ұлттық компаниялардың аста-төк шығынын қысқартуға болады. Менің түсінігімде, көптеген квазимемлекеттік компаниялар өздерінің қажеттілігін өтеп болды. Олардың көзін жойса да болады. Оларды ұстап тұру үшін бюджеттен қанша ақша кетіп жатқанын көбіміз біле бермейміз негізі, – дейді сарапшы.
Саясаттанушы жаңа ипотекалық бағдарламада да көп күмәнді нәрсе барын айтады.
– Арзан процентпен көп жылға арналған қолжетімді ипотека. Бір естігенге жақсы, әрине. Бірақ, шындап есептеп келсеңіз, осы ипотеканы алуға көптің мүмкіндігі жоқ. Одан соң, қауіп-қатер тәуекелі бұл арада өте жоғары.
https://kaz.365info.kz/khuyp-zhibergen-bygattalgan-22-mlrd-dollarga-khatysty-shyndykhtyn-beti-ashyldy-297072
Ұзақ жылға қай банк несие береді? Тұрақты кезең болса жақсы. Бұл арада күмәнді нәрсе көп. Оны мен айта алмаймын. Экономистер айтсын оны.
Меніңше, Елбасының кезекті бастамасын қолдау үшін тағы бір ақша жинайтын „әмиян„ жасалып жатыр.
Бір сөзбен айтқанда, арам іс-қимылға жол берілетін тетік құрылып жатыр ғой. Сондықтан бұл арада экономистердің таза есебі негізінде шынайы әңгімелер керек. Бұл тағы біреудің лоббиі емес пе? Артында бөтен мақсат жоқ па дегендей.
Ал егер ол нашар активтер қорына айналып кетсе, оған кім жауап береді?..
Осының бәріне сауатты жауап керек! – дейді сөзін тәмәмдаған саясаттанушы.
https://kaz.365info.kz/yyat-zhokh-eken-ozderinde-sarapshylar-bizdin-ekonomikany-kimder-baskharyp-otyrganyn-ajtty-287389