Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
12
USD
427
+0.61
EUR
497
+0.71
RUB
6.04
+0.05

Алдағы үш жылда Қазақстан экономикасының тағдыры қалай болмақ?

Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық экономика министрі еліміздің 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын таныстырды.

“Базалық сценарийде мұнай бағасы 60 АҚШ доллары болып алынды. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2019 жылы 3,9%, ал 2023 жылы 4,6%-ке дейін болжанады. Жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі алдағы болжанатын кезеңде 4,2%-ті құрайды. 2019 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 64,1 триллион теңгеден 2023 жылы 86,9 триллион теңгеге дейін өседі”, —деді Сүлейменов отырыста.

Оның айтуынша, жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2019 жылы 9,9 мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылы 12,9 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Мұнай өндіру көлемі 2019 жылғы 88,0 миллион тоннадан 2023 жылы 99,0 миллион тоннаға дейін өседі. Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 2019 жылы 4,0-6,0% сақталады, ал 2020-2023 жылдары 3,0-4,0%-ке дейін төмендейді.

Сүлейменов сондай-ақ макроэкономикалық болжам негізінде 2019-2021 жылдарға арналған бюджет параметрлері мен Ұлттық қордың болжамы әзірленгенін атап өтті.

“Республикалық бюджет кірісі (трансферттерді қоспағанда) 2019 жылы – 6 триллион 810 миллиард теңге, 2020 жылы – 7 триллион 382 миллиард теңге, 2021 жылы 8 триллион 025 миллиард теңге көлемінде болжануда”, — деді ол.

Ал республикалық бюджет шығыстары 2019 жылы –  10 триллион 716 миллиард теңге, 2020 жылы –  11 триллион 081 миллиард теңге, 2021 жылы 11 триллион 428 миллиард теңге көлемінде айқындалды.

Ұлттық қордың валюталық активтері болжам бойынша 2019 жылы 62,3 миллиард АҚШ долларынан 2021 жылы 67,6 миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз