Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Алдағы күндері елімізде қар жауып, көктайғақ болады

101

Бұл туралы «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасаg Stan.kz хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, өткен демалыс күндері жауын-шашынға қарамастан, күн райы өте жылы болды.

Алайда алдағы үш күнде циклон және онымен байланысты Ресейдің орталық аудандарынан Қазақстанның солтүстік облыстарына жылжыған атмосфералық фронттар жауын-шашын тудырады.

Алдағы уақытта суық фронттар республика аумағы арқылы шығысқа жылжып, соның салдарынан қар жауып, боран, көктайғақ болады. Сонымен қатар батыс және солтүстік-батыстан қатты жел соғады.

Ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.

31 қазан мен 1 қарашада таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жауын-шашын жауады.

Сондай-ақ, еліміздің барлық аумағында күн суытады деп болжанады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз