Синоптиктер елімізде 27-29 маусым күндері ауа райының қандай болатынын айтты.
“Ресейдің Еуропалық бөлігінен бірінен соң бірі жылжыған атмосфералық фронттар Қазақстанда тұрақсыз ауа райын ұстап тұратын болады. Сондықтан республиканың көптеген облысында кей жерлерде найзағайлы жаңбыр, бұршақ және күші 15-25 м/с екпінді жел болады деп болжанады”, – делінген хабарламада.