Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алдағы екі жылда Қазақстанда мұнай өндірісі артады деп болжанады

Сараптамада келтірілген дерек бойынша, 2015 жылы Қазақстандағы мұнай өндірісі тәулігіне 1,73 миллион баррельді құрады.

Ал 2016 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өндірісі тәулігіне 1,69 миллион баррельді, екінші тоқсанда тәулігіне 1,67 миллион баррельді құрады.

2016 жылдың үшінші тоқсанында бұл көрсеткіш тәулігіне 1,7 миллион баррель, төртінші тоқсанда тәулігіне 1,68 миллион баррель деңгейінде болжанып отыр.

EIA 2017 жылы Қазақстанда мұнай өндірісі бірінші және екінші тоқсанда тәулігіне 1,68 миллион баррельді, үшінші тоқсанда тәулігіне 1,73 миллион баррельді және төртінші тоқсанда тәулігіне 1,79 миллион баррельді құрайды деп күтілуде.

Осы жағынан алғанда, АҚШ энергетика министрлігі Қазақстанда осы жылдың соңында іске қосылуы тиіс Қашаған кен орнынан игерілетін шикізат көлемін ескеріп, өсім тұрғысында болжам жасаған секілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз