Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Албарес жасасын!”. Бір қазақ Генаның ең үлкен кемшілігін айтты

300

“Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас.

Қазақтың туын қазақтың өзі көтергенше қазақтың жеңісі деп есептемеймін.

Шетелдегі бір отаршы орыс қазақтың атын шығарады-мыс. Алдында ильиндер, шіншәлө, міншәйлөдер допинг ішіп “атын шығарып еді”.

https://kaz.365info.kz/gena-birinshi-kezdesude-de-zhenilgen-bolatyn-bir-khazakh-ajtpagandy-ajtty-332036

Қанат Ислам туралы ауыздарын да ашпайды. Найман Қуатты танығысы да келмейді.

Қазақтан біреу таныла бастаса өздері опат қыла салады. Мұстафа Өзтүрік те жылап келіп, жылап қайтты. Өз қандасына іші тар, бөтенге бәрі дайын тұратын құлдық сана-ай.

Қазақ деген ұрықтың қойыртпағы емес. Әкесі басқа, шешесі одан басқа, бірақ баласы қазақ болады деген қайдан шыққан генная инженерия?

https://kaz.365info.kz/ali-10-zhyl-otyruy-kerek-tanymal-dariger-nazarbaevtyn-mykhty-ekenin-daleldep-berdi-331907

Неге екенін білмеймін, қазақ пірге, жаттың “әулиесіне” табынғыш. Пелагеяны Айгүлден, Евдокимді Қанаттан артық көреді. Иисусты Иса, Моисейді Мұса дей салады. Адамзаттың тарихын өзгерткен Мұхамед пен Будданы сыйлап, қастерлеуге болады. Өзі өліп қалса да жоқ “нәрсе” тұрып келіп, жырғататынына да сенетіндер бар.

Қазақ тілін де, қазақ елінің әнұранын да жек көретін Галопкиінді өз әкесі мен өз ағасынан артық көреді. 

Жасанды пірдің жығылғаны жақсы. Қазақтың орыспіршіл қыздары мен келіншектерінің сағы сынғаны қазақтың елдігінің қасында түкке тұрмайды. Жігіттердің, еркектердің өзі өз рухын қайрап, бойын түзегеннің орнына бір орыс қазақтың ақшасына малтаса да көкке көтереді. Одан да өз бұлшынын өсірсейші, елінің даңқын өзі шығаруды ойласашы…

Осыдан былай отаршы келімсекті емес, қазақтың өз ұлдарын қолдаңыздар.

Тіліне тыйым салып, жерін тартып алып жатқанда да қазақ осылай күңіренбеп еді. Орыс жеңілсе неге қазақ қорлануы тиіс, қазақтың қыздары мен келіншектері және нәзікжанды (орысжанды) еркектері? Қазақтың жігіттері красавчик емес, ең мықты. Албарес жасасын!

https://kaz.365info.kz/analar-adeji-istedi-khuat-hamitov-golovkinnin-zhenilisine-khatysty-oz-ojyn-zhariya-etti-332070

Қазақта да талай ұл бар. Базарда жүргені болмаса. Өкімет қазақты өшіріп, басқаны өсіру үшін мектептегі спортты ұмыттырып, соларға көгілдір туды көтертпекші. Олар ақша үшін стероид, нестероид дәрілермен денесін бұзып, өмірлік ақшаны нұротаннан табады.

Миллиард ақшаны сатқынға бергенше қазаққа, бір спортшыға емес, мектепке берсе нәтижесі мүлдем бөлек болар еді. Елдің жырғамайтыны бастығының жарытпайтынынан. Міністінің әнұранға қарамай телефон ала жүгіретіні де содан.

https://kaz.365info.kz/ystamandar-ashuly-golovkin-ringten-ketip-khaldy-video-332021

Фото: Youtube каналынан скриншот. 

Редакциядан: Автордың көзқарасы мен редакция ұстанымы сәйкес келе бермейтінін ескертеміз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз