Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ғаламторда аноним жазатындар да өз сөзіне жауап беретін болады

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кез келген интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралына жатады. Ал оған жарияланған ақпарат сол БАҚ-тың өнімі болып саналады. Сол себепті интернет-ресурстың тұтынушылары жазған пікірлер де, әлеуметтік желілер де қоғамдық сананы қалыптастыратын құралдарға кіреді.

«Қазақстанда әркім өз пікірін ашық білдіруге құқылы. Алайда, мұндай құқық нақты бір адамға тиесілі. Демек, оның аты-жөні болуы керек. Ал ондай пікірлер интернет-ресурста жарияланып, ғаламтор пайдаланушылары өз ойларын ашық білдірсе, мұндай әрекеттер интернет-ресурсты пайдалану туралы келісімде көрсетілуі шарт.

Аталған құжаттар нақты заң нормаларына негізделген жөн. Мәселен, Азаматтық кодекстің 15-бабы, 1-2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматы өз құқықтары мен міндеттемелерін жеке атымен іске асыра алады. Бұдан бөлек, 7-ші тармақ бойынша өзге біреудің атымен құқықтар мен міндеттемелерді орындауға болмайды. Алайда бүркеншек атқа рұқсат бар. Осыған байланысты сайт пайдаланушыларының өз ақпаратын жеке атымен, я болмаса, бүркеншек атпен жариялау мәселесін нақты ережемен реттеуге қатысты ұсыныстар бар», – деп түсіндіреді тұжырымдаманы әзірлеуші тарап.

Осы құжаттың аясында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, интернет-ресурсы мен оны пайдаланушы азамат арасындағы қарым-қатынасты нақты бір келісімнің негізінде жүргізу көзделген. Ол үшін «электрондық үкіметтің» сандық қолтаңбалары пайдаланылуы әбден мүмкін. Ондайда кез келген Қазақстан азаматы алдымен өзінің электронды сандық қолтаңбасы арқылы тіркеледі.

Осылайша, Ақпарат және коммуникация министрлігі сайттарда «бүркемеленіп», елді дүрліктіретін түрлі алып-қашпа қауесет тарататын, біреудің ар-намысын қорлайтын, ұлтаралық араздықты қоздыратын анонимді пікір жазушылардың санын барынша азайтуды көздейтін тәрізді. Айта кетерлігі, қоғамның талқысына алдымен тұжырымдамасы шығарылған заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырыстары осы аптада өтеді. Ендеше, келер жылы Мәжіліске түсетіні жоспарланған заң жобасы сапалық жағынан жақсара беретін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз