Белгілі тележүргізуші Асхат Садырбаймен құрған некесі сәтсіз аяқталған танымал әнші Ерке Есмахан қайта шаңырақ құруды армандап жүрген болатын. Ол бұл арманына қол жеткізген сияқты деп хабарлайды Alashinform сайты.
Әнші Инстаграм парақшасында: “Жоғалтып алдыңыздар ма,мені? Осындамын!Көп шығармашылық идеялар мен махаббаттан басым айналып,қолым тимей кетті инстаға! Сіздерге күшті жаңалықтар дайындап жатырмын! Бұйыртса, жақын арада тарту етемін!” деп оқырмандарына қуанышын жеткізді.
Желі қолданушылары әншінің тұрмысқа шығатынын болжап,әншіге бақыт тіледі.