Жеңіс күніне үш күн қалғанда Шымкент қаласындағы Абай атындағы саябақта орнатылған Даңқ ескерткішінен Георгий лентасы алып тасталды.
Қала билігі осындай шешім қабылдаған тәрізді. Алайда оның орнына қандай белгі орнатылатындығы әзірге белгісіз, – деп хабарлайды Qasym.kz
Халық арасында дауға айналған лентаны алып тастау туралы жұмыскерлерге кімнің пәрмен бергені әзірге белгісіз. Ресми органдар тарапынан бұл тұрғыда еш пікір айтылмады. Ал жұмысшылардың өздері «Шымкент қалалық сайты» тілшілерінің сауалына жауап беруден бас тартқан.
Одан кейін Отырар телеарнасы георгий лентасының орнына Қазақстанның шығарған көк лентасы салынғанын хабарлаған еді. Алайда бұдан соң бұл сайт істемей тұр.
Еске сала кетелік, Қазақстанда Жеңіс күнін мерекелеудің символын жасау мақсатында жаңа патриоттық лента жасалды. Ол георгий лентасының баламасы болып табылады. 2015 жылы Жеңіс лентасы ресми жаңартылып, жаңа дизайнда таныстырылған болатын. Дегенмен қоғамда бұл жайтқа әркімнің пікірі әрқилы. Георгий лентасынан ажырағысы келмейтіндер көп. Сол секілді жаңа лентаны тағып жүргендер де бар.
https://kaz.365info.kz/netken-pale-adamsyn-sayasattanushy-putinnin-satkhyndygyn-betine-basty-260922
Ал тарихқа жүгінсек, жеңістің рәмізі ретінде ұлықталатын «Георгий лентасының» соғыс кезіндегі Қызыл армияға еш қатысы жоқ. Керісінше, ол власовшылар сияқты фашистердің жағына шығып кеткен сатқындардың белгісі-тін. Енді XXI ғасырдың басында осы жалған рәмізді Кремль бұрынғы «халықтар түрмесін» тірілтудің жаршысына айналдырып отыр. Сәйкесінше, «Георгий лентасы» Украина, Беларусь, Қазақстан және бұрынғы КСРО-ға енген басқа республикаларда сепаратизмнің нышанына айналған. Өйткені кешегі Украина бөлінісінде осы лентаны таққандар жеңістерін тойлады. Сондықтан басқа елдер секілді Қазақстан сепаратизмді жақтағысы келмейді, сөйтіп өзінің жаңа рәмізін шығарды. Бүкіл гәп осында. Бірақ бұл ұстаным Қызыл Кремьлге ұнамайды, әрине. Сондықтан олар Жеңіс күні алдында георгий лентасын тегін таратады, ал тарихтан мақрұм жұрт оны өңіріне тағып мақтанады, тіпті, сөз таластыруға дейін барып жатады…