Наурыз мейрамына қарай Қазақстанда «Еларна» атты телеарна ашылады. Онда отандық фильмдер мен сериалдар көрсетілетін болады.
Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.
«Наурыз мейрамы қарсаңында «Еларна» атты жаңа кино-телеарнасын іске қосу жоспарлануда. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдер мен сериалдарды трансляциялайтын болады», – деді министр.