Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ал керек болса! Есікте қыз зорлады деп айыпталғандар жазадан сытылып кетуі мүмкін (видео)

Енді онсыз да сағызша созылған сот отырысы қайта жалғасады. Яғни, судья сан мәрте сұралған сарапшылардың пікірін тағы бір тыңдап көруді жөн санапты. Ал бұған дейінгі отырыста прокурор төрт айыпталушының әрқайсысына11 жылдан сұраған болатын.

Есік қаласындағы аудандық сот ғимаратында кеш қарайса да қызу жұмыс қайнап жатыр. Өйткені топтасып қыз зорлаған төрт жігітке үкім оқылады дегенді естіп, қос тараптың та туыстары тайлы-тұяғы қалмай жиналған. Алайда кешкі сағат 5-те басталуы тиіс сот отырысы талайдың жүйкесін тоздырды. Өйткені үш сағат бойы тар бөлмеге тығылғандар судьяны күтіп әбден діңкелеген. Сот та келе сала ешкім күтпеген шешім шығарып, жиналғандарды таң қалдырды.

Ерлан Баймолдинов, судья:

-Сот зерттеу жасаған сарапшылардан қайта жауап алу үшін сот тергеуін жалғастыру туралы ұйғарым жасады. Келесі отырыс 18-ші қарашаға белгіленсін.

Жәбірленуші Жібек Мусинова да бүгін сотқа соңғы нүкте қойылып, өзін қорлағандар әділ жазасын алады деп ойлаған. Енді тергеудің жалғасатынын естіп, көңілі күпті болып тұр.

Жібек Мусинова, жәбірленуші:

-Айтарға сөзім жоқ. Бүгін үкім шығады деп ойлағам. Бірақ болмады. Не үшін бұлай болғаны түсініксіз.

Мұндай шешімді жәбірленушінің адвокаты да түсінбей отыр. Айман Омарова тіпті, сотқа біреулер қысым жасауы да мүмкін екенін жасырмайды.  

Айман Омарова, Жібек Мусинованың адвокаты:

-Біздің ойымызша, қысым жасалып  жатыр. Неге десеңіз сот үкім шығаруға кеткен кезде көбінесе үкіммен келуі керек. Не ақтау, не соттау…

Жібек Мусинованың зорланғанын анасы әлеуметтік желіде жайып салған еді. Қылмыс аудандық Ішкі істер бөлімінің алдында болған. Иектерінің астында болған жәйттен бейхабар сақшылардың төртеуі жұмыстан қуылды. Қыз зорлады деген күдіктілер де көпке ұзамай ұсталған болатын. Прокурорлар қазір қамауда отырған Алмас пен Ербол Ермековтар, Асхат Бектұрсын және Нұрбол Елтайды 11 жылға соттауды сұрап отыр. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз