Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ал керек болса! Асхат Садырбай Ninety One тобын жақтап шықты

111

«Ninety one туралы екінші рет жазып отырмын. Басқа жазатын нәрсе жоқ па, соны да әңгіме ғып, онсыз да проблема жетеді, сонда сіз сондайларды қолдап, насиxаттап отырсыз ба, т.б. осы сарындағы әңгімелер мен негізсіз айыптаулар қабылданбайды, бірден айтып қояйын.
Мен музыка немесе өнер сыншысы емеспін. Сыншылар алдағы уақытта өз ойларын айта жатар. Олардың айтары менің пікіріммен сәйкес келмеуі де мүмкін. Мен #91 тобына тағы бір рет шолу жасап көрмекпін.
Меніңше  Ninety One тәуелсіз Қазақстанның эстрада, музыка тариxына кіреді. Мен оларды жәй ғана топ емес, біздің музыкадағы бір құбылыс дер едім. (артық кетуім де, жаңылысуым да мүмкін, бірақ сонда да) Болашақта олар туралы оқытушылар студенттерге сабақ айтып, дәрістерде талқылайтын болса таңқалмаймын.
Байқасаңыздар қазір оларды жастар да, үлкендер де біледі. Шүйіркелесе қалса міндетті түрде талқылайды. Қанша ай өтсе де әлі өзекті, қызық, ерекше. Топ резонанс тудырды. Шыққандарына 1-ақ жыл болса да көп ретте кәсіби емес сынға, дөрекілік пен мәдениетсіз айыптауларға іліге берді. Қайтеміз, біздің эстрада орындаушылары тыңдарманды бір сарынды стильдегі көше, әуесқой, той әндеріне әбден үйретіп тастады. Жаңа, сапалы, заманауи тың дүниелер шыға қоймады. Отандық музыка индустриясында неше жылдан бері мұндай болмап еді.

Көпшіліктің үрке, шоши қарауы да сол себепті. Олар жайлы айтылатын сындарға қарап отырсам (шамамен) 98.9 пайызы эмоциялар мен құр айқай. Мен де ұлтымды сүйемін, мен де ұлт болашағына алаңдаймын. Бірақ субьективті пікір мен негізсіз, дәйексіз сынға, негативке қарсымын. Қазір біз киіз үйде тұрмаймыз, атпен жүрмейміз,  бәріміз заман талабына сай өмір сүрудеміз, демек кез-келген мәселені өркениетті елдің азаматы ретінде мәдениетті сөйлесіп шешуге болатынын ұмытпайық.

/-Ерболатты танимын, бірақ көрмегелі, сөйлеспегелі қай заман?! Соңғы рет қашан көргенім де есімде жоқ;
-Топтағы жігіттердің біреуін де танымаймын, аттарын да білмеймін;
-Ешкімнің адвокаты немесе пиаршысы емеспін;
-Постқа ешкім ешнәрсе төлеген жоқ;/
Шын жүректен, #91 тобының бүгін “Қалай Қарайсың” деп аталатын клипін тамшаладым. Жігіттер тағы да мені мойындатты. Музыка, аранжировка, сапа, xареография өте жақсы. Клиптегі фильмнің кадрлері сәтсіз, мәтін, өлең де керемет емес, бірақ, топтың xаризмасы ұрып тұр. Ән елең еткізеді, елітіп әкетеді. Ең бастысы менің есімде бірден жатталып қалды. (Егер олардың бірінші мақсаты өздерін немесе продюсерлерін емес, әндерін таныту болса) Демек олар өздерінің бірінші миссиясын сәтті орындады. Маған жетті.

Мен кіммін? Мен қарапайым, музыканы талғап тыңдайтын тыңдарманмын. Жігіттер шаштарын біркелкі етіп ретке келтіріп, сырғаларын шешіпті. Раxмет. Енді оларға мықты ақындар өлең жазып беретін болса, репертуарларына xалық және xалық композиторларының әндерінің жаңа үлгідегі интерпретацияларын қосатын болса бомба болады. Ақыл емес сондай ой ғой, топтың алдағы мақсатын, бағыт-бағдарын білмеймін. Құттықтаймын және сәттілік тілеймін.”, – деп түйіндеді сөзін Садырбай.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз