Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Қалғаны қайда?» Ресми орган жанармай бекеттерінің халықты қалай «жейтінін» әшкереледі (видео)

Құзырлы мекеме жүргізген тексеру кезінде Алматыда 10 жанар-жағармай құю бекеттерінде майдың мөлшерінен аз құйылғаны анықталған. Бұдан басқа заң бұзушылықтар сауда саласында да бар.

Былтырғы мемлекеттік бақылау қорытындысы бойынша 162 субъект тексеріліп, оның 97-сі техникалық реттеу және өлшем бірліктерін қамтамасыз етуде заң бұзушылыққа жол берген. Сондай-ақ Денсаулық сақтау саласында 10 мекеме тексерістен өтпеген өлшем құралдарын пайдаланған. Одан өзге, сертификат беретін органдардан 187 сәйкестік сертификат құжаты заңсыз берілгені туралы заң бұзушылықтар тіркеліпті.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде жалпы сомасы 286 мың 194 теңгеге 98 өнімнің үлгісі алынып, олардың салмағы өлшенген. Нәтижесінде 34 үлгі өзінің нақты массасына сәйкес келмеген.

«Тексерілген мекемелерге тексеруден өтпеген өлшем құралдарын қолданыстан алу ұйғарылып, заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 415,419 баптары бойынша жалпы сомасы 16,1 млн теңгеден астам айыппұл салынды», – деді Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы Аида Кенжеғұлова.

Ал, жанармай бекеттерінде бензин тиісті мөлшерге толмайды. Көбінесе, 200 мл жетпей қалады. Тіпті, көп мөлшерде бензин алатындар 2 литрге дейін желініп қалады. Мұндай олқылықтарды көлік жүргізушілері де анда-санда байқаймыз дейді.

Бүгінде сұрыныс ең көп АИ-92 маркалы бензинінің бір литрге шаққандағы бағасы 140-145 теңгеге дейін көтеріледі деген болжам бар. Баға динамикасының бұлай құбылуы мұнай өнімдерін кедергісіз импорттауға мүмкіндік береді, яғни отын тапшылығының алдын алуға мүмкіндік туады-мыс.

«Кәсіпкерлер, жеке меншік кен қойнауын игерушілер және Қазмұнайгаз өздерінің өндірген өнімінен 30 пайыз ішкі тұтынысқа береді. Қалған 37 миллионның 30 пайызы 10-12 миллион. Бізге жетпейтіні 5-6 миллион тонна мұнай. Оны біз қайдан алып отырмыз деген заңды сұрақ туады. Оны бізге Ресей беріп отыр. Сондықтан біз Ресей экономикасына, Ресей бағасына әрқашан да байланып тұрмыз. Өйткені біздің ішкі тұтыныстың 40-тай пайыз мұнайын Ресей беріп отыр», – деді Қазақстанның мұнайсервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы Рашит Жақсылықов.

Ал дизель отыны бойынша әзірге жағдай тұрақты. Оның бағасы өткен жылдың қарашасынан бастап өзгермей,бір литрге 128-131 теңгені құрап тұр.

Еске сала кетелік, өткен жылдың соңында әлеуметтік желілерде Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде жүргізушіні бензиннен қалай жейтінін әшкерелеген видео пайда болған. Ол видео «Сайран» автобекетінің маңындағы жанармай құю бекетінде түсірілген болып шықты. Кадрлардан көліктің бензин багына пистолеттен жанармай ақпай тұрса да, автоматтағы сандардың жүгіріп жатқанын көруге болады. Оған қоса ер адам көлігінің бензин багына 70 литр сиятынын айтады, бірақ оған 78 литр құйылғаны туралы түбіртек берілген. Сондай-ақ, оның айтуынша, көліктің бензин багында біршама жанармай болған.

 

https://www.youtube.com/watch?v=qvJglSyB6_c

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз