Қазақстанда сыра, сыра сусындары мен шараптың телеарна және радиостанция эфирінде сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін жарнамалауға рұқсат беруді ұсынды. Жарнама туралы заңға түзетулер жобасы парламент мәжілісінің қарауына түсті.
Қазақстанның ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаевтың хабарлауынша, мұндай бастаманы телеарналар мен кәсіпкерлер көтерген. “Жарнама нарығындағы қиыншылықтарды еске отырып, бізге жарнамаға рұқсат беру туралы ұсыныс жасалды. Қайталап айтамын, сыра мен әлсіз алкоголь емес, сауда маркаларын жарнамалауға рұқсат беріледі”, – деді Алан Әжібаев.
Заңға түзетулерге сәйкес, алкоголь және темекі өнімдеріне тыйым салынады, бірақ сыра, сыра сусындары мен шарапқа рұқсат етіледі.
Екі жыл бұрын Астанада керісінше бастама талқыланған болатын. Сол кезде баспасөзде алкогольдік өнімдердің жасырын жарнамасына да тыйым салынған еді. Қазақстанда алкоголь жарнамасына 2004 жылы 1 қаңтарда тыйым салынды.