Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әлеуметтанушылар әкімдердің жұмысын «үшке» бағалады

593

«Стратегия» қоғамдық қоры облыстар мен республикалық маңызы бар қала әкімдерінің рейтингісін құрастырды. Рейтинг сарапшылардан алынған сауалнаманың негізінде,  2019 жылдың екінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жасалды.

Респонденттер әкімдердің жұмысына орташа баға берді (3-4 балл).

Бұрыннан жұмыс істейтін әкімдер көш бастады

Облыс және қала басшыларының жұмысы бес критерий бойынша бағаланды. Олар:

• әкім жұмысының халықтың көңілінен шығуы;
• аудандағы экономикалық және ішкі саяси жағдайды басқаруы;
• ақпараттық ашықтық (соның ішінде әлеуметтік желілерде);
• әкімнің саяси болашағы;

Бағалау 7 балдық жүйе бойынша жүргізілді, бұнда 1 – сипаттаманың болмауы, ал 7 – ең жоғарғы көрсеткіш.

1-кесте. Аймақ әкімдері қызметінің тиімділігі бойынша құрастырылған рейтинг

Рейтинг авторлары 2019 жылы аймақ әкімдерінің жиі ауысқанын атап өтеді. 2019 жылдың соңында да билікте өзгерістер болып, 18 желтоқсанда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев энергетика министрі лауазымына тағайындалды.

Нәтижесінде, жыл соңында 17 аймақтың сегізінің басшысы ғана салыстырмалы түрде «жасы үлкен»/ тәжірбиелі қызметкерлер болды.

Басқалары бірінші рет әкім қызметіне тағайындалғандар немесе бір облыстан екінші облысқа ауысқандар. Атап айтар болсақ, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымов бұған дейін облыстық маслихаттың хатшысы болған. Көлік және коммуникация министрлігінің бұрынғы басшысы Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Ал Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысынан Нұр-Сұлтан қаласына ауысты.

1-диаграмма. Әкімдердің аймақтағы экономикалық жағдайды басқаруы бойынша құрастырылған рейтинг (2019 жылдың 2 жартыжылдығы)

Жалпы алғанда сарапшылар әкімдердің жұмысына орташа баға берді (3-4 балл). Бұрыннан жұмыс істейтін әкімдер рейтингіде көш бастады.

Екінші жартыжылдықта тек үш әкімге 4-тен жоғары баға берілді

Олар: Амандық Баталов (Алматы облысы), Бақытжан Сағынтаев (Алматы) және Өмірзақ Шүкеев (Түркістан облысы).

Баталов алғаш рет рейтингіде көш бастады (4,02 балл; +0,24), бірінші жартыжылдықта ол 4-орынды иеленген болатын.

     2-диаграмма. Әкімдер мен жергілікті билік органдары жұмысының халықтың көңілінен шығуы бойынша құрастырылған рейтинг (2019 жылдың 2 жартыжылдығы)

— Cарапшылардың пікірінше, Баталов әкім лауазымында біраз уақыт тұрақтап қалады. Оның облыс көлемінде атқарып жатқан жұмысы әзірге «үлкен адамдардың» көңілінен шығып отыр.

Күнкөріс деңгейі төмен облыста Шүкеев өзін жайлы сезінбейді

Түркістан облысы мен Алматы қаласының әкімдері Өмірзақ Шүкеев және Бақытжан Сағынтаев 2, 3 орындарды өзара бөлісті. Шүкеевтің көрсеткіші 0,24 балға жақсарды (1 жартыжылдықта жасалған рейтингіде 5-орынды иеленген).

Сарапшылар ол бұл облыста ұзақ уақыт тұрақтап қалмайды және алдағы уақытта мансабында өзгерістер болуы мүмкін деп болжайды.

Сағынтаев қазіргі лауазымында тек бірнеше ай жұмыс атқарды

— Сарапшылардың пікірінше, әзірше Сағынтаевқа Алматының даму стратегиясы аясындағы ақпараттық ашықтығы мен кері байланыс орнатуы бойынша баға беруге болады. Бірақ қазірдің өзінде белсенділігі жөнінен сынға ілігіп жатыр. Себебі басын жақсы бастағанымен, аяғында халықтан қол үзіп қалды. Барлық жақсы бастамалары «бос әурешілдік» болып көрінуі мүмкін.

    3-диаграмма. Әкімдердің ішкі саяси жағдайды басқаруы бойынша құрастырылған рейтинг (2019 жылдың 2 жартыжылдығы)

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов (+0,44 балл) пен Атырау облысының басшысы Нұрлан Ноғаевтың (+0,63) көрсеткіштері жоғарылаған.
Атырау облысы басшысының нәтижесіне сауалнама жүргізіліп жатқан уақытта министр болып тағайындалуы, яғни саяси мансапта жоғарылауына берілген баға әсер еткен.

Бұрынғы әкімдердің ішінен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов (14-орын) және СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың (11-орын) көрсеткіштері төмен болды.

— Басқа критерийлер бойынша да Ақсақаловтың көрсеткіштері тұрақты (4 критерий бойынша 10-орында) екенін байқауға болады. Ал Мырзахметовтың көрсеткіштері тұрақсыз, ол ішкі саясатты басқару бойынша 5-орынды иеленсе, халықтың көңілінен шығуы жөнінен 17-орынға иелік еткен.

Бағалаудың кереғар тұстары: саяси болашағы жоғары бағаланған, басқа көрсеткіштері төмен

Алтай Көлгінов пен Жеңіс Қасымбек сәйкесінше 9 және 10 орындарды иеленді. Ақпараттық ашықтық пен саяси болашағы бойынша Көлгіновтің көрсеткіштері жоғары (2 және 4 орын).

Алайда басқа критерийлерде төменгі орындарды иеленген

Мәселен, экономиканы басқаруы – 12-орында, ішкі саясаттағы жұмыстары бойынша 16-орында. Жеңіс Қасымбек саяси болашағы бойынша 2-орынға жайғасса, басқа критерийлерде төмен нәтиже көрсетті (ішкі саясатты басқаруы – 17-орында).

    4-диаграмма. Әкімдердің ақпараттық ашықтығы  бойынша құрастырылған рейтинг (2019 жылдың 2 жартыжылдығы)

— Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен ШҚО әкімі Ғали Ысқалиевтен (8-орын) басқа әкімдердің көбі (Қ. Ысқақов, Е. Айтаханов, С. Тұрымов, Е. Маржықбаев, О. Оразалин) рейтингінің төменгі орындарын иеленген.

Сарапшылардың пікірінше, билік жүргізіп отырған бұл адамдар тобы өздерінің ақпараттық ашықтығы мен атқарып отырған жұмыстарының болашағы бойынша айтарлықтай ерекшеленбейді. Мамандар бұл «еститін мемлекет» тұжырымдамасының аясында аймақ басшыларының жұмыс сапасын жақсарту туралы мәселені алға шығарады деп қорытындылайды.

5-диаграмма. Әкімдердің саяси болашағы бойынша құрастырылған рейтинг (2019 жылдың 2 жартыжылдығы)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз