Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-17
USD
420
0.00
EUR
510
0.00
RUB
5.72
0.00

“Ақысын жеген…”. Салтанат Бақаевадан ақын қыз қомақты ақша өндіріп алды (видео)

167

Жуырда Салтанат Бақаеваның “Әгугай, құрбым” деп аталатын хит әнінің сөзін жазған жас ақын Назерке Семей елге өзінің өкпесін айтып, әншінің өзіне бір тиын да ақша бермегенін жеткізген болатын. Ал әнші болса, Назеркенің бұл әрекетін қызғаныш деп бағалап, оған түрлі сөздер айтқан. Телефондағы бұл сөздерді ақын қыз желіге таратып та жіберіп еді. Қазір бұл аудиожазба да екі тараптың келісіміне байланысты жойылған.

 

https://kaz.365info.kz/otirikti-sogyp-tyr-yza-bolgan-akhyn-khyz-bakhaevanyn-telefondagy-sozin-zhelige-sap-zhiberdi-video-327044

Бұл дау-дамайдың шешімі жайында ақын қыз өзінің желідегі парақшасында жазды.

“Құрметті ағайын! Алланың қалауымен, Бибігүл xаным мен сіздердің қолдауларыңыздың арқасында бәрі де шешілді.

Мәселе ақшада емес, тасада қап жүрген “ақын-сазгер-өңдеуші” үштігінің еңбегінде еді.

Алдағы уақытта ешкімнің ақысы желінбейді деген үміттемін! Дұғамды қабыл еткен Аллаға шүкір! Аман болыңыздар! Отбасыларыңызға тек жақсылық тілеймін, жақсы адамдар!”, – деп жазды ол.

 

https://kaz.365info.kz/roza-rymbaeva-omirdegi-en-ylken-okinishi-zhajly-ajtty-328045

Ал әнші мен ақынның арасындағы дауға араласып, оның шешілуіне үлес қосқан журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Салтанат ұсынған қомақты қаражат қайырымдылыққа жұмсалғанын айтты. Оның айтуынша, Назерке еңбегі үшін алған қаражатты көмекке мұқтаж сәбилердің анасына табыстаған.

“Иә, ақын қыз бен әншінің арасындағы дауға бүгін нүкте қойылды. “Уф” деп бір дем алдым… Салтанат xанымның адвокатының келісімшартына екі тарап болып қол қойып, екі жақтың өкпесі болмағанына риза болдым.

“Қанша ақша берді?” деген сөзге жауабымды бере алмаймын. Мәселе ақшада емес, ағайын! Әділдікте!!! Ол қаражатты Назерке Фейсбук желісінде қос құлынына көмек сұрап, шырылдаған анаға берді”, – деді Бибігүл Дәулетбекқызы.

View this post on Instagram

Иә, ақын қыз бен әншінің арасындағы дауға бүгін нүкте қойылды. "Уф" деп бір дем алдым… Салтанат xанымның адвокатының келісім-шартына екі тарап болып қол қойып, екі жақтың өкпесі болмағанына риза болдым. "Қанша ақша берді?" деген сөзге жауабымды бере алмаймын. Мәселе ақшада емес, ағайын! Әділдікте!!! Ол қаражатты Назерке Фейсбук желісінде қос құлынына көмек сұрап, шырылдаған анаға берді. Толқын апайдың жазбасын сол күйі жариялап отырмыз. @tolkin100175 "Қайырлы күн,жамағат! Бүгін Сіздермен жақсы керемет жаңалығым мен қуанышымды бөліскім келіп отыр! Қазір ғана маған,өзі нәп-нәзік, кіп-кішкентай болса да қорғансызға қорған,панасызға сая болып жүрген қазақтың батыл да батыр қызы- Бибігүл ханым қоңырау шалды.Сезімімді тербетіп,жұбатып отыр едім ,сыңғырлаған әсем дауысын естіп төбем көкке жетті! Нәзік тәп-тәтті үнімен " Толқын ханым,Сізге Назерке деген ақын қызымыз қайырымдылық жасап көмек бергісі келіп отыр,қарсы болмасаңыз"- деген сөзін естіп ,еріксіз көзден жас кете берді. Қаршадай қазақтың қос аруы, Назерке -өзі студент,өзі жас ,ақша өзіне де артық етпейді,әйтсе де менің қос құлыным Бегім мен Сезіміме көмек берсем деген ниеті , жүрегінің кең-жомарттығы ,өзінің емес өзгенің де ауыр тауқыметіне өзі қосыла жаны ашып жылап тұрған дауысын естіп , -"Алла қайда жүрсе де бағын ашсын, басына бақ қондырсын!"- деп тілеуін тіледім! Өмірде осындай қайратты,қайсар ару қыздарымыз бар да Қазақ деген ұлттың абыройы асқақтап,жақсы күндер кешетінімізге сенімдімін! Жыртық үйдің жамауы бар деген осы ағайын,бүгін ғана Алматы қаласына жолдама алып ,енді оған қалай алып барамын деп уайымдап отыр едім. Алла сәтін салып ,Бибігүл ханым мен Нәзерке ханым қомақты қаржылай көмектерін беріп, бұл қиындықтың да шешімі шешілді! Алла разы болсын Сіздерге ,қазақтың қос арулары! 🙏🙏🙏😘😘😘💐💐💐" —-деп алғысын жаудырды. Толқын xаным, қос құлыныңыз тезірек жазылып, шауып кетсін! Өзім де көптен бері осы кісіге ақша берсем деп жүр едім, бүгін соның сәті түсті. Балалар ауырмасыншы🙏🙏🙏

A post shared by Бибігүл ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ (@bibiguldauletbek) on

https://kaz.365info.kz/myna-tamalar-khajtedi-khyz-ajttyryp-kirip-kelgen-khydalardy-korgen-el-shoshyp-ketti-video-328015

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз