Әзірбайжан халықаралық банкіне салынған халықтың зейнетақы қорындағы 71,3 млрд теңге 15 жылдан кейін қайтады. Бұл туралы өткен аптада ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеген болатын.
Ал экономистер 15 жылда 71,3 млрд теңгенің құны бірнеше есеге кеміп кететінін айтады.
Бақыт Сұлтанов та дефолт болған банктегі қаржының өз құнын жоғалтатынын жасырмайды. Алайда ол Әзірбайжанның дербес облигациялары өте өтімді саналады деп отыр.
– Қаржымыздан айырылып қалдық деуге болмайды. Иә, айырмашылық болады, бірақ негізгі соманы жоғалтқан жоқпыз. ӘХБ-ның Қазақстанға қарызын қайтару мерзімі 15 жылға ұзартылды және алынған облигациялар Әзербайжанның дербес облигацияларына айырбасталады. Бұл қағаздар өтімді саналады, – деді Бақыт Сұлтанов.
Ал экономист Жанкелді Шымшықов халықтың ақшасын құрдымға кетірген қызметкерлерді қылмыстық жазаға тарту керек деген пікірде:
– 1998 жылы Ұлттық зейнетақы қоры құрылған кезде оның басшысы болып екі дүркін Кеңес одағының батыры атаған алған Талғат Бигелдинов сайланған еді. Сол кезде Елбасы «Мемлекет зейнетақы қорындағы қаржыға кепілдік береді. Қорға жиналған ақшаға қауіп жоқ», деп айтқан болатын. Осы тұрғыдан келсеңіз,
Ұлттық зейнетақы қорын талан-таражға түсіру – барып тұрған қылмыс болып табылады.
Сондықтан Әзірбайжан халықаралық банкіне қатысты дауға тікелей қатысы бар басшылар қылмыстық кодекс бойынша жауап беруі керек.
Екіншіден, аталған мерізім ішінде 71,3 млрд теңге бірнеше есеге құнсызданып кетеді. Көрдіңіз бе, үкіметтің «15 жылда қаржыны қайтарып аламыз» дегені жетіскеннен айтылған сөз емес. Бұл былыққа тікелей жауапты азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың мүлкін тәркілеу керек. Себебі,
олар халықтың сеніп тапсырған қаржысын талан-таражға салып отыр,
– дейді ол.
https://kaz.365info.kz/inal-an-aza-zhigiti-ytaj-yzyna-jlengeli-zh-r-244753
Естеріңізге салсақ, 2014 жылы Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнентақы қоры (БЖЗҚ) 71,3 миллиард теңгеге (ол кездегі доллар бағамы бойынша 250 миллион доллар) Әзірбайжан халықаралық банкінің бағалы қағаздарын алған болатын. Өкінішке қарай, 2017 жылы аталған банк дефолт болып, халықтың ақшасы құрдымға кете жаздады. Ал алдағы 15 жылда зейнетақы қорындағы 71,3 млрд теңге тиын болып қалайын деп тұр.
Бір қызығы, Баян мен Байзақованың мәселесінде ұлардай шулап шыға келетін халық зейнетақы қорындағы қаржыға келгенде тым самарқау.
Әйтпесе, АҚШ-та бұғатталған 22 млрд теңге мен зейнетақы қорындағы қаржы халықтың жанды жері емес пе еді?!
https://kaz.365info.kz/zhemkhorlykh-ham-it-tirlik-khazakhstandy-tastap-shetelge-ketemin-291304