Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» қорының заңды өкілі Дәмен Өмірбек пен «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан бітімге келді.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Айта кетелік, «Зекет» қорының заңды өкілі Дәмен Өмірбек мешіт ішіндегі қысым мен жалақы төлеудегі заңсыздықты айтып, сотқа арыз түсірген болатын. Бүгін азаматтық іс бітіммен аяқталды.
«Талапкер Дәмен Өмірбек пен жауапкер Төлеби Оспан өзара келісімге келіп, бірін- бірі кешіріп, алдағы уақытта моральдық-материалдық талап қоймайды. Талап қоюшы Өмірбек жауапкерге қатысты барлық талабынан бас тартады. Сот тараптарға осы шарттағы келісімді бекіте отырып, заңға сәйкес істің қысқартылатынын ескертті. Екі тарапта осы іс бойынша екінші рет сотқа жүгіне алмайды»,- деді №2 қалалық соттың судьясы Айгүл Абдуллина.