Ақтөбеде көлік қоятын орынның мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған деген белгісі бар жерге полиция қызметкерлері машинасын қойып кеткен.
Мұны дәлелдейтін сурет әлеуметтік желідегі «Aktobe_online» парақшасында жүр. Суреттегі «D 015 KP» нөмірлі көлігі – полиция қызметкеріне тиесілі.
Көпшілік полиция жағасынан алса 11 млн теңге айыппұл салынатын заң жобасы талқысын еске алған.
“Тәртіпсіздік жасаған полицейдің бұдан кейін қалай жағасын алмайсың” деп кекетеді желі қолданушылары.
Айта кетейік, жаңа жылдан бастап елімізде 1 АЕК құны 2 269 теңге болды. Мүгедектерге арналған көлік тұрағына машинасын заңсыз қойған жүргізушілерге 50 АЕК көлемінде, яғни, 113 450 теңге айыппұл салынуы тиіс.