Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
5
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Ақтөбелік оқушы қыз Димаш Құдайбергеннің концертіне қатысады

112

«DQ» атты жаңа шоу Ұлыбританиядағы Қазақстанның мәдениет күндері аясында өтеді. Концертті ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан Республикасының Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігі қолдау көрсетті.

Биыл жазда Ақтөбе қаласында балалар байқауы өткен болатын. Оған Димаш Құдайберген қонақ және тәуелсіз сарапшы ретінде қатысқан. Ол арнайы жүлдені 13 жасар ақтөбелік әнші Наргиз Жанұзақоваға табыстады. Жас қыз өз әнін төрт жыл бұрын дүниеден өткен әкесіне арнаған еді. Димаштың сөзі бойынша таңдау жасау оңайға соқпады және ол қатысушылардың өнеріне тәнті болды.

Димаштың әлемдік турне аясындағы жеке концерттерінің біріне қатысу мүмкіндігі дәл осы Наргизға бұйырды. Орындаушы өз уәдесінде тұрды. 19 қарашада Лондонда Наргиз Жанұзақова «Indigo at the O2» концерт залының сахнасында «Астана – елімнің жүрегі» әнін орындайды. Осылайша бұл Қазақстанның жас таланттарын қолдау мен дамытуға қосқан тағы бір үлесі болмақ.

Еске сала кетсек, бұл кеш ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жас таланттарды қолдау бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. 10 жыл ішінде бағдарлама 1000-нан астам жас дарынның халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысуына септігін тигізді. Бағдарламаға шығармашылықтың әртүрлі саласының өкілдері қатыса алады: суретшілер, модельдер, сәнгерлер, әншілер, музыканттар.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз