Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
445
+0.68
EUR
491
-1.33
RUB
5.41
+0.05

Ақтөбедегі жарылыс: кафенің бір бөлігі қирап, екі адам зардап шекті

«Мен сол маңнан өтіп бара жатқанмын, бұл жолмен үнемі жүремін. Ломбард тұрған жердегі жаяу жүргіншілер өткелінен енді ғана өткенімде, қатты жарылыс болды», – дейді әйелдердің бірі.

Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша, дәмханада жастар, соның ішінде студенттер де жұмыс істейді. Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қирауға газ-ауа қоспасының жарылысы себеп болған. Салдарынан дәмханаға жапсарлас салынған бөлік құлап, өрт шықты. Бес қабатты үйдің пәтерлеріндегі терезелер де зақымданған.

«Сағат 10:53-те өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Оларды жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жеткізді», – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге 45 құтқарушы мен 10 техника жұмылдырылды. Қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз