Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбедегі мектеп түлегінің өлімі: Күдікті оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

Күдіктінің айтуынша, 25 мамырда олар сыныптастарымен және ата-аналарымен демалыс орнында демалған, ол жерде қаланың көптеген мектебінің түлектері болыпты. Екі күннен кейін Бекназға Instagram арқылы Азат деген бейтаныс баладан хабарлама келген, ол демалыс орнында аяғын басып кеткенін жазған. Бекназ кешірім сұраған, бірақ Азат балағаттапты. 15 шілдеде Азат пен Бекназ “Алтын белгі” иегерлерін марапаттау салтанатында кездескен. Екеуі арадағы мәселені оңаша шығып шешпекші болыпты. 17 шілдеде Бекназдың ата-анасы Мұғалжар ауданына үйлену тойға кеткен. Ол достарымен және қыздармен қалада қыдырып жүріпті.

https://kaz.365info.kz/zhasospirim-khyzben-zhakhyndaskhan-olimpiada-chempiony-mangige-sporttan-khuyldy-330950

Олар Түргенев көшесімен кетіп бара жатып, бір топ жігітті көреді. Олардың арасында Азат та болған, ол Бекназды оңашада сөйлесуге шақырыпты. Жігіттер жатақхананың ғимаратына кеткен. Төбелес кезінде Азат Бекназдың анасын балағаттаған. Сол сәтте күдікті еңкейіп қалып, қалтасынан пышақ түскен. Ашу үстінде ол пышақты алып, ары қарай не болғанын білмейді. Осыдан кейін ол досымен бірге такси ұстап, кетіп қалған. Келесі күні Бекназ Азаттың ауруханада қайтыс болғанын білген. Қайтыс болған жігіттің әкесінің айтуынша, Азат – отбасындағы төрт баланың үлкені және оны атасы мен әжесі тәрбиелеген.

“Азат өте тәрбиелі болатын, мінезі ашық еді. Адам өлген соң оның артынан кез келген жамандай алады. Менің ұлым балағат сөз айтпайтын, жанжалға арандамайтын. Азат көшеге сирек шығатын, футболға қызығатын. Сол күні ол достарымен бірге футбол көруге барған. Матчтан кейін мен оған қоңырау шалдым. Телефонды басқа жігіт көтерді, ол оның пышақталғанын айтты”, – деді ол сотта.

Еске сала кетейік, 17 маусымда №19 мектептің түлегі Азат Дүсіпов “Ақтөбе” – “Ордабасы” футбол ойынан кейін өлтірілген. Оқиға кезінде Бекназ 17 жаста болған, бірақ айыптау актісі ол 18 жасқа толған күні берілді. Ол ювеналдық емес, мамандандырылған қылмыстық сотта сотталып жатыр, ол жерде жасына қарай жеңілдік берілмейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз