Ақтөбеде қараша айының басында жоғалып кеткен 54 жастағы Кенжебай Алдашевтың мүрдесі табылды. Марқұм кәсіпкер Ақшат ауылының маңындағы Бұтақ өзенінің жағасындағы шұңқырға түсіп кеткен екен.
Қарақшы қарияға тап берді Кенжебай Алдашев жоғалардан бұрын құтқарушыларға телефон шалып, өзінің шұңқырға құлап кеткендігін хабарлаған. Оны іздеуге арнайы қызмет өкілдерінен басқа еріктілер де ат салысты. Бірақ, Ақшат аулының айналасын тінтіп шыққан олар бір ай бойы оның қай жерде екендігін таба алмап еді. Өкінішке қарай, телефон сигналы арқылы оның қай жерде, қай шамада екендігін анықталғанмен, құтқаруға мүмкіндік болмады.