Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақтөбеде жас келіншек биік ғимараттан секіріп кетті

Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының сөзінше, жас келіншектің қасында құжаттары болмағандықтан нақты жасын анықтай алмаған. Дегенмен, әлеуметтік желіде 25 қабатты ғимараттан құлаған ақтөбелікті бірі ҰБТ тапсырған түлек десе, енді бірі екі баланың анасы деген пікір білдіруде.

Алайда, облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева марқұмның мектеп түлегі екенін жоққа шығарды. Оның сөзінше, мерт болған 33 жастағы келіншек.

«Жаңа естіп тұрмын. Бірақ құлағанын көрмедім. Жедел жәрдем қызметі тез келген. Бірақ құтқара алмады дейді ғой. Неге бұлай жасағанын кім білсін? Обал болды. Қазір жастар қит етсе, өмірлерін қиюға дайын тұрады ғой. Артық айтпайын. Иманды болсын», – дейді қала тұрғыны.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті болған оқиға туралы ешқандай ақпарат бермеді.

 

https://kaz.365info.kz/shkho-da-zhantyrshigerlik-zhol-apaty-boldy-video-321467

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз