Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ақтөбеде тоғыз қабатты үй өртенді (видео)

133

Не істерлерін білмей абдырағандарын айтады. Өрттің сөнгеніне үш сағаттай болса да тұрғындардың көбісі әлі өз-өздеріне келе алмай жүр. Пәтерлерінен қолдарына не түссе соны алып жүгірген.

Денис Теннің өліміне күдіктінің анасы баласы жайлы бар шындықты айтты

Өртті сөндіруге қаладағы барлық құртқару бөлімдерінің мамандары, өрт сөндіретін 7 көлік тартылды. Жедел жәрдем мен дәрігерлер де келді. Ауыр жарақат алғандары жоқ. Мамандар сол үйден шыққан балаларды тексертіп алып жатты. Сондай-ақ қорқып қалған тұрғындарға психологиялық кеңестер берілді. Бірнеше тұрғынның осы аламат өрттен соң қан қысымы көтерілген. Оларға дәрі-дәрмегі берілді.

“Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Ешқандай адам қабылданған жоқ. Өздерің көріп тұрғандай жедел жәрдем  тұр. Біздің медициналық орталық тұр”,дейді Ақтөбе облыстық ТЖД басшысының орынбасары.

  Бір подъездің жоғарғы 6-шы  қабатындағы пәтердің барлығы қазір жарамсыз. Отты сөндірген кезде төменгі қабаттағы пәтерлерді де зақымданған. Қанша тұрғынның баспанасыз қалғаны, қанша пәтердің жарамсыз болып қалғанын комиссия тексеріп жатыр. Оқиға орнына аймақ басшысы да қарамағындағы қызметкерлерін алып жеткен еді. Олар тұрғындарға барлық жағдайды жасаймыз деп уәде беріп отыр.

Желіде балабақша тәрбиешісінің сәбилерді шетінен ұрып жүрген видеосы тарады (ВИДЕО)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз