Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде сотты болған басшы тәртібіне шыдамаған жұмысшылар көтерілді

113

Өлілерден тіксінбеген мәйітхана қызметкерлерінің жаңа бастықты көргенде төбе шаштары тік тұрады. Алғашқы үш аптаның ішінде Дәурен Аймақов небір сорақылық жасады дейді олар. Мәселен, жұмыста аяқтарының ұшымен жүріп, тіпті дәретханаға бастықтың сұрауынсыз бармайтын көрінеді. Тіпті, жиналыста қуығы қысқан маманға, жұрт көзінше сөгіс жариялап үлгерген.

Қайрат Байбосынов, жалпы сараптама бөлімінің меңгерушісі:

– Жиналыс болып жатқанда 5 минутқа дәретханаға шығып кеткен.Келіп еді, ұжымның көзінше,қатаң сөгіс берді. Бәріміздің көзімізше, боқтады оны.

Мұндай қорлыққа шыдамаған мамандар түрлі құзырлы органдарға арызданыпты. Ақыры директордың адамға қысым көрсетуге бұрыннан бейімі барын білген. Өйткені, ішкі істер саласында жүргенде қызметін асыра пайдаланып, қысым көрсеткені үшін екі жылға сотталған көрінеді. Істі болған адамның мемлекеттік маңызы бар, тергеуге тікелей қатысты сот-медициналық орталығына қалай қызметке алынғанына таң қалып отыр.

Владимир Корнев, сот-медициналық сарапшы:

– Өткен өмірі күмәнді адам болып тұр. Бұрын сотталғанда тағылған айыптары да ауыр. Директор болуға сотталмаған адам табылмады ма? Ертең сарапшыларға қысым көрсетіп, дегенін істетіп жатса не болады?

Дәурен Аймақов болса өзінің бұған дейін бір жарым жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысында осындай қызметте болғанын айтады. Ол жақта ешқандай шағым болмапты. Ал Ақтөбеге келгенде сыры мәлім боп қалғанына ашулы. Сондықтан өткен өмірі жайлы айтқысы жоқ.

Дәурен Аймақов, «Сот-медициналық орталығы» ММ Ақтөбе филиалының директоры:

-Мен жауап бергім келіп отырған жоқ. Ол менің жеке персоналдық ақпаратым.

-Сотталғансыз ба сонда?

-Менің жеке пікірім. Сізге ол туралы жауап бергім келіп отырған жоқ.

Ал қол астындағылардың мазасын алғанын, Аймақов өзінің тым талапшылдығымен түсіндіреді.

Сот-медициналық орталығының мамандары жаңа тағайындауға қатысты Әділет министрлігінен қайта тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Сондай-ақ, Дәурен Аймақовтың қандай жағдайда істі болғанын ашық жариялауды сұрайды. Қазір мәйітхана мамандарының өтініші бойынша олардың құқықтарын қорғауға медицина қызметкерлерінің кәсіподағы да кіріскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз