Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбеде науқасқа көмектескен шенеунік жұмыстан шығып қалуы мүмкін

Облыстық фармация департаменті басшысының орынбасары Қанағат Ахметовтің ісін этика жөніндегі облыстық кеңес ұзақ қарастырды. Бір жағынан шенеуніктің айыбы жоқ болатын. Ол фармацевт “Майфортик” препаратын сұрапты. Бұл дәріні бүйрегін ауыстырған науқастарға тағайындайды және олардың өмірі үшін ауадай қажет болып табылады.

Таблетканы органды ауыстырған кезде ағзаның қабылдамауының алдын алу үшін ішу керек. Фармацевт шенеуніктің өтінішін жерге тастамай, сұраған дәрісін береді. Бірақ оны басқа науқастың атына жазған екен.

Ахметовтың өзі айтқандай, адамгершілік жасағысы келіп, адамның өміріне араша түспек болған. Жемқорлыққа қарсы қызмет бұл әрекетті қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану деп бағалады, өйткені саны шектеулі препарат Ақтөбедегі науқастарға жетпей қалуы мүмкін еді. Ақтау тұрғынының өмірін сақтап қалған Қанағат Ахметов ақтөбеліктің өмірін қауіпке тікті, деп пайымдайды жемқорлыққа қарсы қызмет.

Этика бойынша кеңес мүшелерінің пікірінше, жақсы ниет өкілеттікті асыра пайдалануға негіз бола алмайды, сол себепті шенеунікті жұмыстан шығаруға кеңес берілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз