Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ақтөбеде науқас тексеріп келген дәрігерді пышақтап тастады

Пышақтың ұшы абырой болғанда терең кірмепті. 26 жастағы Дмитрий Бабич бұл емханаға дәрігер болып былтыр ғана орналасқан. Пацинеттерінің осылай өзіне шабуыл жасайтынын еш күтпедім дейді. Айтуынша, бүйрегі ауыратын тұрғын қолындағы пакетіне пышағын жасырып бөлмеге кіреді. Кіре салысымен жас маманға тап беріп, суық қаруын қарнына сұғып алыпты.

Артынша, қолға түскен күдікті не себепті қылмысқа барғанын түсіндіріп бере алмады. Үстінен қылмыстық іс қозғалғанымен, қазір бостандықта. Өйткені, бүйрегінің ауруы асқынып ол да ауруханаға түскен.

“Көзі шатынап кеткен.

Қасыма келді де  ішіме пышақты сұғып алды. Өзім түсінбей қалдым.

Сосын қарнымды ұстап сыртқа қаштым. Ал науқасты қасымдағы мейірбике бөлмеге қамап тастады. Енді өзім арыз жазбасам да, болған оқиғаға қатысты іс қозғалды ғой. Жазасын алатын шығар”,- деді зардап шеккен дәрігер.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз