Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде мектеп түлегін өлтірген «Алтын белгі» иегері оқиғанын қалай болғанын айтты

112


Бүгін сот отырысында алдымен айыпталушы Бекзат Кеңшіліктен жауап алынды. Ол өз сөзін кешірім сұраудан бастап, өзінің еш арам ойы болмағанын жеткізді. Кейін оқиғаның қалай өрбігені туралы айтып берді.

«Өзім Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатын бітірдім. 25 мамыр күні сыныптастарымызбен, ата-анамызбен демалыс базасына бардық. Жақсы көңіл-күймен тараған соң, Аида Әлібекова хабарласып, мені Азаттың іздеп жүргенін айтты. Арада 2-3 күн өткен соң Азат Дүсіповтың өзі жазды. Би алаңындағы жағдайды айтқанда кешірім сұрадым.

https://kaz.365info.kz/mangystauda-kyjeui-zhykti-ajelin-sabap-tastady-330218

Ол тоқтамай, балағаттады. Қыздар бірнеше күн өткен соң Азаттың мен туралы ақпарат жинап жүргенін тағы да айтып берді.

15 маусым күні «Алтын белгі» иелерін марапаттау рәсіміне қатыстым. Сол кезде Азатты көріп, ол мені тағы балағаттады», — деді айыпталушы Бекназ Кеңшілік.

Екі түлек 18 маусым күні кездесуге келіскен. Бірақ 17 маусым күні айыпталушы Бекназ Кеңшілік қыздарға телефон шалып, қыдыруды ұсынады. Кешкілік қыдырып, қыздарды шығарып салу кезінде айыпталушы тағы Азат Дүсіповты кездестіреді.

https://kaz.365info.kz/temirtauda-kilemge-oralgan-ajeldin-majiti-tabyldy-330227

«Талдардың арасына апарып, «осы жерден аман шықпайсың» деп айтты. Қатты қорықтым.

Себебі, Азаттың бойы ұзын, денелі болды. Намысыма тиетін сөздерді айтпауды сұрадым. Бірақ тыңдамай, анама қатысты ауыр сөздер айтты. Мен үшін ең қымбат жан ана болғандықтан бұл сөздері намысыма тиді. Кейін мені ұрды. Ес жия алмай, басым айналды. Әрі қарай не болғанын айта алмаймын. Қалтамда болған пышақ жерге түскенде оны алғанымды білемін. Пышақты сілтеп қалдым. Азат «пышақ» деп айқайлады. Әрі қарай таксиде отырғанымды және өзімнің үйімде болғанымды білемін. Қатты күйзелісте болдым. Азаттың қайтыс болғанын әкем хабарлады», — деді айыпталушы Б.Кеңшілік.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз