Кроссовер Ақтөбе облыстық әкімдігінің есігін қиратты, деп хабарлады “Диапазон”.
Куәгерлердің хабарлауынша, 12 мамырда облыстық әкімдіктің кіреберісіне көлік барып соғылған. Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ. Облыстық ІІД баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растап, оған қатысты деректердің жинақталып жатқанын айтты.